Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 9
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Понедельник, 16.09.2024, 12:52
Приветствую Вас Гость
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Сентябрь 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • АҚЫНДАР МЕН БАТЫРЛАР ЕЛІ
    Жамбыл ауданы - Алматы облысының оңт.-батысында орналасқан әкімш. бөлініс. 1928 ж. құрылған. Жер аумағы 19,3 мың км². Тұрғыны 122,9 мың адам, орташа тығызд. 1 км²-ге 6,3 адамнан келеді (2009). Аудан жеріндегі 62 елді мекен 1 кенттік және 23 ауылдық әкімш. округке біріктірілген. Аудан орталығы – Ұзынағаш аулы. Ж. а-ның оңт-н Іле Алатауының батыс, оңт.-батысын Шу-Іле тауларының шығыс сілемдері алып жатыр. Солт-ке қарай аудан жері жазыққа ұласып, мұнда Бозой үстірті мен Қараой аңғары, одан әрі Аңырақай, Жусандала жазығымен, Тауқұм құмының Сарытауқұм, Қорғанқұм құмды алқаптарымен шектеледі. Кен байлықтарынан түсті металдар, әктас, құрылысқа жарамды тас, т.б. кездеседі. Климаты континенттік, оңт-нде қысы біршама жұмсақ және қысқа. Қаңтар айының жылдық орташа темп-расы оңт-нде –8°С, солт-нде –12°С, шілдеде оңт-нде 20°С, солт-нде 25°С. Тау етегінде жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 500 мм, солт-нде 200 – 300 мм шамасында. Таулардан Күрті өз-нің алабына кіретін бірнеше өзен бастау алады (Қарғалы, Ұзынағаш, Қарақастек, Қастек, Жаманты, Балажан, Ақтерек, Ырғайты, Ұзын Қарғалы, Шолақ Қарғалы, Ақсеңгір, Қарасу, Жиренайғыр, Самсы, Тарғап, Қопа). Бұлардың кейбірі жазда тартылып қалады. Өзендерінің егін суғару, шабындықты суландыру және электр қуатын өндіру үшін маңызы зор. Жері оңт-тен солт-ке қарай шалғынды қара топырақты, қызғылт қоңыр, қоңыр, сұр, құмдақты сұр, сортаң топырақты келеді. Оны көбінесе бетеге, боз, жусан, изен, ебелек басым әр түрлі астық тұқымдас шөптесіндер көмкерген. Солт-ндегі құмды алқапта сексеуіл тоғайы, өзен аңғарларында бұталы тоғай шоғырлары кездеседі. Жабайы аңдардан арқар, таутеке, елік, ақ бөкен, қарақұйрық, қасқыр, түлкі, қоян, суыр, борсық; құстардан бүркіт, лашын, бөктергі, бөдене, сулы жерде тырна, дуадақ, қаз, үйрек мекендейді. Ауданның а. ш-на жарамды жерінің аумағы 1,7 млн. га (2008), оның ішінде жыртылған жерлері 131 мың га, шабындығы 12,8 мың га, жайылымы 1,6 млн. га. Ауданда Ұзынағаш, Шілбастау, Қопа т. ж. ст-лары бар. Аудан жері арқылы Алматы – Бішкек автомобиль жолы өтеді. Ж. а-нда 900-ге жуық тарихи-археол. ескерткіш мемлекет қарауына алынған. Жамбыл ауданы Іле Алатауы сілемдерінің оңтүстік батыс бөлігінде орналасқан. 1928 жылы құрылған. Аумағы 19320,72 шаршы шақырымды құрайды. Ауданда 24 ауылдық кенттік округтер, 61 елді мекен бар. Аудан орталығы - Ұзынағаш ауылы. Аудан халқының саны 124,4 мың адам, оның 1,6 мыңы қалалық, 122,8 мыңы ауылдық тұрғындар болып есептеледі. Ауданда 30-дан астам ұлт өкілдері тұрады: қазақтар 78%, орыстар 12,7%, түріктер 2%, уйғырлар 2.9%, немістер 0.9% және өзге ұлттар 3%-ды құрайды. Ауданда 4 балабақша, 58 мектеп, 1 кәсіптік-техникалық оқу орны бар. 12 мәдениет үйі, 3 мұражай, 22 кітапхана халыққа қызмет атқарады. 61 медициналық мекеме, соның ішінде 4 аурухана, 17 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 39 медициналық қосын, 1 өкпе ауруларын емдейтін аурухана жұмыс істейді. Ауданның солтүстігінің климаттық жағдайы қатал, жоғары континенталды және құрғақ. Топырақты аймағы таулы қара жерден бастап құрғақ топырақты қуаң далаға дейін созылып жатыр. Солтүстігі үлкен құмды аймақ. Аумағында көлемі 503 мын гектарлық Балқаш жағалауы мемлекеттік қорығы бар, онда қабан, бірқазан, қоқиқаз, тырна өсіріледі. Пайдалы қазбалары бар: Қастек, Шынасылсай кен орындарында алтын, күміс, қорғасын, цинк қоры мол. Шилібастау кен орнында малтатас, цемент шикізаты шығарылады. Негізінен аграрлы аудан. Тәлімі және суармалы егіншілік дамыған. Дәнді дақылдар, картоп, қант қызылшасы, темекі егіледі. Қой шаруашылығы және ет-сүт өндіру дамыған. 44 өнеркәсіп орны жұмыс істейді. Қарғалы ауылында облыстағы ірі тоқыма өнеркәсібінің бірі - "Қаргалы" АҚ орналасқан. Өнеркәсіп орындарынан "Жартас" ЖШС-нің болашағы зор. Ауыл шаруашылық кәсіпорындар – 59, өндірістік кооператив – 9, ЖШС - 30, мемлекеттік кәсіпорын - 3. Шаруа қожалығы - 3200. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің жалпы көлемі 975472 га. Тіркелген шағын кәсіпорын - 293, оларда 2117 адам жұмыс істейді. Жеке кәсіпкерлікпен 1337 адам шұғылданады. Өткен жылдың бюджет түсімі 1061,0 млн. теңгені құрады. Экономикаға 22595,4 млн. теңге инвестиция тартылды. Қазіргі уақытта ауданымызды іскер, білімді басшы Бигелдиев Махаббат Садуақасұлы басқарады. Тарихқа көз жүгіртсек Уақыт пен кеңістік сахнасындагы сан жылдар бойғы сарғайған мұрағаттарға зер салсақ, біздің ауданның ең алғашқы орталығы - Тарғап қыстағы деп есептеледі. Себебі, ол 1890 жылы Жетісу уезінің Қастек болысына қарасты Верный-Қарабалта пошта-байланыс жолында бекет болып ашылған және «Жетісу» естелік кітабында жазылғандай, сол жылы Сәке Ниязбекұлы болыс сайланып, ол өңірдің Батыс-Қастек болысы атанғанын көреміз. Осы кезеңде орыс келімсектері мен «қара шекпенділері» ойсырата орнығып, біржолата бекінген Ұзынағаш та өзінің ежелгі атауынан айрылып, Казанско-Богородское станицасы болып шыға келеді... «Жердің аты - тарихтың хаты» демекші, атамекенге сұқты көзін қадаған сыртқы жауларға қарсы қаншама қаһарман бабаларымыздың әділетті соғыс жүргізгені белгілі. Әрине, олардың арасында даңқты Қарасай баба мен оның ерлік дәстүрін лайықты жалғастырған Қараш, Қастек, Қазыбек бек, Қасқары, Наурызбай, Өтеген, Райымбек, Ботбай, Сәмен, Көкбарақ, Саурық, Сұраншы, Сыпатай, Бекболаттың есімдері бүгінгі ұрпақ үшін ұранға айналып, рухы ұлы істерге ұмтылдыруда. Алматы облысы мемлекеттік мұрағатының жәдігерлеріне жүгінсек, Жетісу губерниялық атқару комитеті төралқасының 1928 жылғы наурыздың 27-29 күндері өткен кезекті мәжілістің II хаттамасында «Аудандастыру жобасын анықтау туралы» мәселе қаралған. Онда Қордай ауданын Қордай және Қастек аудандарына бөліп, Қастек ауданына 1-7 ауылдарды, Майтөбе болыстығының Қарабұлақ, ауылын, Ұзынқарғалы болыстығының 1-5 және 10-12 ауылдарын қалдыру, сондай-ақ Қастек ауданының орталығы – Тарғап қыстағы деп белгілеу туралы айтылған. Тағы бір деректе Қастек ауданының 1928 жылғы қыркүйектің 3-індегі Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің арнайы Жарлығымен құрылып, шекаралары бекітілгені жайлы бұрынғы құжаттарға сілтеме жасалған. Негізінен алғанда, қыркүйектің 3-ші жұлдызын ауданның ресми түрде құрылған күні деп санаған дұрыс сияқты. Арада тура он жыл өткеннен кейін, яғни 1938 жылы ұлы жырау – бабамыз Жамбылдың шығармашылық қызметіне 75 жыл толуы құрметіндегі мерейтойға байланысты Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Орталық Атқару Комитеті Төралқасының 1938 жылғы мамырдың 19-дағы Қаулысымен Қастек ауданының атауы Жамбыл ауданы болып өзгертілген.
    Жамбыл ауданы, Ұзынағаш © 2024

    Бесплатный хостинг uCoz