Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 9
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Понедельник, 16.09.2024, 13:04
Приветствую Вас Гость
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Май 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • АҚЫНДАР МЕН БАТЫРЛАР ЕЛІ
    Главная » 2015 » Май » 14 » Ұзынағаш жайлы жалпы мәлімет
    10:35
    Ұзынағаш жайлы жалпы мәлімет
    Ұзынағаш Жалпы ақпарат Ұзынағаш ауылында аудандық бағыныстағы коммуналдық шаруашылық, электрлі қуаты желісі, баспахана, телекоммуникация, байланыс бөлімдері тағы басқа көптеген мекемелер бар. Аурухана, емхана, неке сарайы, дәріханалар, тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы,, мектеп-интернат, спорт мектебі, Жамбыл атындағы аудандық кітапхана, Қарасай батыр атындағы Мәдениет үйі, орталық стадион, мешіт, қонақ үйлер, халыққа қызмет көрсету орталығы, мейрамхана, кафелер, сауықтыру-демалыс орындары жұмыс істейді. Ұзынағаш ауылының жанынан республикалық Алматы-Бішкек күре-жолы өтеді. Ұзынағаш селолық округінің ғимараты 1935 жылы тұрғызылған. 1991 жылы атқарушы комитет, 1993 жылы ауылдық кеңес, 1994 жылы селолық округ болып құрылған. . Ұзынағаш селолық округінде барлығы 39589 адам, 30-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешуде. Жергілікті халықпен бірге орыстар, немістер, түріктер, ұйғырлар т.б. көптеген ұлт өкілдері бірлесе еңбек етіп, ауылымыздың береке-бірлігін арттыруға өз үлестерін қосуда. Ұзынағаш селолық округі құрамына Ұзынағаш, Жаңақұрылыс, Ынтымақ ауылдары кіреді. Жаңақұрылыс ауылы 1930 жылы құрылған. Ауылдың атын Шарынбаев Әміре деген кісі ұсынған еді. Ауыл құрылғаннан кейін Ә.Шарынбаев ауыл кеңестің төрағасы болды. Колхоз негізінен мал және егін шаруашылығымен айналысқан. Осы ұжымды ұйымдастыруға ат салысқан Н.Тәжіұлы, А.Айтбаев, А.Исаев, Ұ.Тұрлымбетов, А.Рысмендиев т.б. азаматтар еді. Ынтымақ ауылы Қарғалы елді мекеннің батысында қоныстанған. Алғашқы козхоздастыру кезеңінде бұл ел Өтеміс жотасында өз алдына бір ауыл болып отырған болатын. 1933 жылы Қ.Жексенбиннің өкімет орындарына берген өтінішінің нәтижесінде бүгінгі Ынтымақ ауылының алғашқы іргетасы қаланды. Колхоз бастығы болып Қанапия Жексенбин сайланды. Ауыл тұрғындары егіншілік пен мал шаруашылығын дамытумен бірге тау баурайына алма бағын екті. Кейіннен бөлімше меңгерушілігіне тағайындалған Әбдібек Сұлубеков көпшілікті тың істерге жұмылдыра алатын, қолынан іс келетін білікті басшы бола білді. Тау баурайынан тауарлы сүт фирмасы үшін ірі комплекс салғызды. Осындай өрелі істеріне орай Ә.Сұлубеков «Еңбек Қызыл Ту», «Октябрь Революциясы» ордендерімен наградталды. Әлеуметтік сала Ұзынағаш селолық округіндегі білім ошақтарының жалпы саны – 7. Абай атындағы гимназия мектебі, С.Бердіқұлов атындағы орта мектеп, Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектеп, Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп, А.Қарсақбаев атындағы орта мектеп және Ынтымақ ауылы орта мектептерінде барлығы 6130 оқушы сапалы білім алуда. Еліміздің ертеңгі ұрпағы өздеріне жасалып отырған қамқорлықты сезіне отырып, білім саласында түрлі жетістіктерге жетуде. Аудан орталығында үш балабақша бар. «Аққайың», «Ұлан» және «Өркениет» ұжымдарында 725 бала заманына сай тәрбиеленіп, оларға кәсіби біліктілігі жоғары тәрбиешілер тәлім беруде. Сол сияқты 150 орындық аурухана ұжымын да атап өтпеске болмайды. 100 дәрігер, 188 орта медбике науқас жандарға жүрек жылуымен, кәсіптік шеберліктерімен қызмет көрсетеді. 2008 жылы аурухана күрделі жөндеуден өтті. Ауылымызда «Құлансаз» фольклорлық ансамблі, «Ақ әжелер» ансамблі жұмыс істейді. Соңғы жылдар халықтың әл - ауқатының артуымен бірге, әлеуметтік қызметке деген де сұраныстары өсті. 2008 жылы 3 бөлмелі 35 арендалық тұрғын үй, 2011 жылы 10 арендалық, 7 коммуналдық тұрғын үй салынып жас мамандарға берілді. Мәдениет үйінің жанындағы еңселі ескерткіш Қарасай бабамыздың мүсіні, Ұлы Отан соғысында қаза тапқапқандарға және Ауған соғысына қатысқандарға арналған ескерткіш – мемориал, Жамбыл атындағы аллея ауылдың көркін келтіріп қана қоймай, жас ұрпақтың тәрбие алар ғибадатты орындарына айналып отыр. Экономика Ауылдық аймақтың жалпы жер көлемі – 78689 га құрайды, оның ішінде егістігі – 3882 га, суармалы егістік – 2736,28 га, шабындық жері – 202,77 га, жайылым – 72276 га. Округте 620 шаруа қожалықтары бар. Олар негізінен өсімдік шаруашылығымен, мал шаруашылығымен айналысады. Ауылдық аймақта 7 кірпіш зауыт, 2 диірмен, 1 май сығу цехы, 2 макарон цехы, 1 шұжық цехы, 3 кондитерлік цех, 2 наубайхана, 5 сауда үй, 146 дүкен, 7 мейрамхана, 15 кафе, 7 асхана, 3 базар, 2 тұшпара цехы ашылды.Сервистік қызмет көрсету нысандардан 9 аяқ киім жөндеу, 5 жихаз жасау мен өндеу, 10 шаштараз, 5 тұрмыстық техника жөндеу, 5 киім өндеу мен тігу, 7 қоғамдық монша, 6 фотосалон, 6 жанармай стансасы тағы да басқа нысандар жұмыс істеуде. 2007 жылдан бастап халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. 2004-2008 жыл аралығында өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін 2318 адамға жер телімі бөлініп берілді. 2008 жылдан бері табиғи газ құбыры жүргізіліп, халыққа қызмет етуде. 2009 «Балауса» спорт сауық кешені, «Төре» сауда орталығы ашылды. Ұзынағаш селолық округінің әкімі Ахметалиев Қайрат Серікбайұлы 1965 жылы 5-қарашада Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Прудки ауылында дүниге келген. Білімі жоғары. 2004 жылы Д.Қонаев атындағы гуманитарлық институті. Мамандығы Заңгер.Үйленген үш баласы бар.
    Просмотров: 2057 | Добавил: pftlkz | Теги: zhalpy_malimet | Рейтинг: 2.0/1
    Всего комментариев: 0
    avatar
    Жамбыл ауданы, Ұзынағаш © 2024

    Бесплатный хостинг uCoz