Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 9
Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0
Понедельник, 16.09.2024, 12:55
Приветствую Вас Гость
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Апрель 2015  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • АҚЫНДАР МЕН БАТЫРЛАР ЕЛІ
    Главная » 2015 » Апрель » 26 » Ұзынағашта ұлан-ғайыр жұмыс көп
    11:59
    Ұзынағашта ұлан-ғайыр жұмыс көп
    Ұзынағаш селолық округіндегі Ұзынағаш, Ынтымақ, Жаңақұрылыс ауылдарында 6929 аулада 38589 халық тұрады. Округтегі зейнеткерлер саны-2747, Ұлы Отан соғысының ардагерлері- 8, Ауған соғысының ардагерлері - 44, 1-2-3 топтағы мүгедектер -1179, батыр аналар – 310, көп балалы жанұялар - 1502. Округте 63 дүкен, 6 қонақ үй, 20 кафе, мейрамхана, 4 наубайхана, 6 АЗС, 6 өнеркәсіп халыққа қызмет көрсетеді. Жер салығы 111,2 пайызға, мүлік салығы 102,7 пайызға, бір реттік алым 133,3 пайызға, көлік салығы 103,2 пайызға орындалды. Ұзынағаш селолық округінде 7 мектеп, Т.Рысқұлов мектебінің жанында 85 бала жатып оқитын интернат, 3 балабақша, «Жас Ұлан» оқушылар үйі, «Өнер» мектебі, оқу - өндірістік комбинаты. Округтегі 7 мектепте 6317 оқушы оқиды. 2012 жылы 426 түлек мектепті аяқтады, оның ішінде 7оқушы «Алтын белгі» иегері атанды (1 оқушы Абай орта мектебінен, 4 оқушы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептен. 1 оқушы Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектептен, 1 оқушы Ынтымақ орта мектебінен). Мектептер бойынша ұлттық тестке 364 оқушы қатысып, 62 бала емтихан тапсырды. 3 бала денсаулығына байланысты сынақтан босатылды. Мектептер жанынан толық және қысқа мерзімді 8 топ 200 балаға арналған шағын орталық жұмыс атқарады. «Аққайың» балабақшасында 41 тәрбиеші, 511 бала, «Ұлан» балабақшасында 11 тәрбиеші, 136 бала, 75 орынға арналған «Өркениет» жекеменшік балабақшасында 9 тәрбиеші, 80 бала бар. Ұзынағаш ауылындағы медициналық колледжде 24 оқытушы, 340 оқушы білім алуда. Ұзынағаш селолық округінде 1 поликлиника, 150 орындық 1 ауруханада 170 дәрігер, 487 орта медбике жұмыс істейді. Ұзынағаш селолық округі бойынша 105 млн. 336 мың 66 теңгеге Спивакова, Нүкетаева, Қараш батыр, Сариев, Молдағұлова, Сұраншы батыр, Астана, Мәметова, Бәйдібек би, Сыпатай батыр, Абай, Сәтпаев, Өмірзақ ақын, Төле би көшелерінің ішкі жолдарына күрделі жөндеу жүргізілді. Селолық округ әкімінің 2012 жылғы есеп беру кездесулерінде 27 ұсыныс түсіп, олардың 22-і орындалды. Округ бойынша 4 учаскелік инспектор қызмет көрсетеді. (Қайрат АХМЕТӘЛИЕВ, Ұзынағаш селолық округінің әкімі.)
    Просмотров: 460 | Добавил: pftlkz | Теги: Ұзынағашта ұлан-ғайыр жұмыс көп | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    avatar
    Жамбыл ауданы, Ұзынағаш © 2024

    Бесплатный хостинг uCoz